Бұл туралы ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінің баспасөз қызметі мәлім етті.

- 15-22 қазан күндері Оңтүстік Кореяның Сеул қаласында тректегі велоспорттан Азия чемпионаты өтеді, - деді баспасөз қызметінде. – Құрлықтық додада Қазақстан намысын жеті спортшы қорғайды. Олар: Артем Захаров, Роман Василенков, Әлішер Жұмахан, Павел Воржев, Жанерке Санақбаева, Анастасия Шаповалова және Рената Сұлтанова.

Еске салайық, павлодарлық велоспортшы Рената Сұлтанова биыл Щучинск қаласында өткен ҚР V спартакиадасында жарыс жолына шығып, 25 шақырымды құрайтын әйелдер арасында өткен жекелей жарыста 40:01 минут уақыт көрсеткішімен 3-орынды еншілеген болатын.
Сондай-ақ маусым айында Ресейдің Санкт-Петербург қаласында өткен Гран-приде күміс медаль иегері атанды.

Оразбек Саяхат

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, велоспорт, Рената Сұлтанова, спорт