Бұл туралы агенттікке № 1 облыстық перинаталдық орталық бас дәрігерінің балалар жөніндегі орынбасары Ақыл Қапанова мәлім етті.

- Үстіміздегі жылы 1 қазаннан бастап, 10 күннің ішінде 5 егіз дүниеге келді, - дейді Ақыл Қапанова. - Олардың барлығын аналары табиғи жолмен көтерген. Яғни, ЭКО әдісіне жүгінбеген. Нәрестелердің алтауы – ұл болса, төртеуі – қыз. Бөбектердің жағдайы жақсы. Кейбіреулерін үйге шығардық.

Маманның айтуынша, аналар Павлодар, Шарбақты, Успен, Баянауыл аудандарынан келген. Ең кішкентай баланың салмағы - 2 келі.

Соңғы кездері өңірде бала туу көрсеткіші артқаны байқалады. Олардың ішінде жасы келген аналар да бар.

Айта кетерлігі, 2019 жылы 9 айдың ішінде перинаталдық орталықта 2926 бала туған.

 

Ақбота Сейсенбаева

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам, бала, сәби, Павлодар облысы