Жамбыл облысының Шу қаласында учаскелік полиция қызметкері осыдан бір жыл бұрын құжаттары жоқ 10 жасар баланы анықтаған , деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.  

 Алайда, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі жергілікті комиссия ауру баланы тапқан учаскелік инспектордың өтініші бойынша қажетті іс-әрекеттер жасамаған. Бұл туралы Nur Otan партиясы жанындағы балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі республикалық Кеңестің сараптамалық тобының өңірдегі үш күн жұмыс сапары барысында белгілі болған.

Астанадан арнайы келген аталмыш топ балалар оқитын немесе ем алатын 83 мекемеге барып, зерделеу жүргізген. «Шу ауданы бойынша үлкен ескерту! Мұнда отбасылармен, әсіресе қолайсыз отбасылармен жұмыс өте нашар. Бұл осыдан бір жыл бұрын учаскелік полиция жазған өтініш бойынша шаралар қабылданбаған. Құжаттары жоқ 10 жастағы бала науқас. Дегенмен, баланың нақты диагнозы әлі күнге дейін анықталмай отыр. Бұл орайда кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі Комиссия осы жылы қажетті іс-әрекеттер жасамаған», - деді Nur Otan партиясы жанындағы балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі республикалық кеңес төрағасының орынбасары Динара Закиева.

pavlodarnews.kz

Тэги: