ЖОО баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, бірінші курс студенті Алексей Лодочников бала кезінен музыкаға әуес болған. Қазақ тілін жетік меңгерген.

 –  ПМУ студенті – «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы. Жас әнші «Балқадиша» әнін орындап, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевты таң қалдырды. Бұл – оның жұлдызды сәттерінің бірі, –  дейді университетте.

Алексей Димаш Құдайбергенов және «Ялла» тобының солисі Фаррух Закировпен бір сахнада ән шырқап, «Киелі бесік» сериалына түсті.

Оның ән қоржынында 50-ден астам қазақ әні, 20-ға жуық күй мен өзі шығарған шығармалар бар.

pavlodarnews.kz

Тэги: мәдениет, Павлодар, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасы