Павлодар облысы мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының мәлімдеуінше, аталған шараның пленарлық бөлімінде мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыру бойынша латын графикасына негізделген қазақ әліпбиін оқыту мәселелері және қазақ тілін оқыту жөніндегі типтік бағдарлама мен стандарт талаптарын іске асыру үшін оқытушылардың жұмысындағы негізгі бағыттары қарастырылды.

- Көшпелі семинардың практикалық бөліміне Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы Бекен Сағындықұлы және қазақ тілін меңгеруге арналған курстардың, көптеген оқу-әдістемелік құралдардың авторы Шолпан Кинжикова семинарға қатысушыларына дәріс оқыды, - дейді ведомствода.

Дәріс барысында латын әліпбиін енгізудің тиімді әдістері, терминология және ресми құжаттарда терминдерді қолдану, аудармадағы жиі кездесетін орфографиялық, пунктуациялық ережелерді ескеру мәселелері талқыланды.

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам