Жаппай ағаш отырғызуға 500-ден астам адам қатысты: облыс және қала әкімдіктерінің мемлекеттік қызметкерлері, студенттер, қоғам өкілдері, еріктілер, Nur Otan партиясының өкілдері, «Жасыл ел» жауынгерлері, «Ертіс Орманы» табиғи резерватының және орман шаруашылықтарының қызметкерлері.

Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов бірқатар қарағай көшеттерін отырғызды. Өңір басшысы ағашты журналистермен бірге екті.

 - Енді бұл  -  біздің ортақ жауапкершілігіміз, - деді Болат Бақауов. - Мен кейде осы учаскенің жанында жол бойымен жүріп өтемін, сондықтан келіп, біздің көшеттерімізге жақсы күтім жасалуын тексеремін.

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы басшысының м.а. Қайрат Әбілдаев айтып өткендей, «Ертіс орманы» орман  тәлімбағында өсірілген кәдімгі қарағайдың екі жылдық екпе ағаштары пайдаланылды.

- Дәл осы жаста олар жақсы өмір сүреді. Суаруға ыңғайлы болу үшін «Меча Колесова» технологиясымен  шұңқырлардың арасындағы арақашықтықты 75 сантиметрден 3 метрге  дейін  жасадық.  Отырғызу алдында топырақ екі күн бойы суарылды. Топырақ 1,5 метр тереңдікте құрғақ болды. Көктемде бұл көшеттерді түгендейміз, егер қажет болса, қосымша отырғызуды жоспарлап отырмыз, – деді Қайрат Әбілбаев.

 Өңірлік жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы басшысының орынбасары Марат Қалиасқаров ағаштар өсіп келе жатқан кезде мұнда жақсы саябақ болады деп уәде етті.

- Көшеттерді орман шаруашылығының қызметкерлері күзететін болады. Бүгін бұрын қарағай отырғызуға келмейтін мемлекеттік қызметкерлерге павлодарлық орман шаруашылығының қызметкерлері мұны қалай дұрыс жасау керектігін айтты. Жаппай отырғызуды ғылыми сүйемелдеуді бүгінде 60 адам қамтамасыз етті, - деді Марат Қалиасқаров.

Облыс әкімінің орынбасары Асхат Оралов өзінің шағын аллеясын отырғыза отырып, осындай экологиялық сағаттар бүгін Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша бүкіл елде өтіп жатқанын атап өтті.

- Бұл акция біздің өңірде алғаш рет өткізіліп отырған жоқ. Алғашқы жаппай отырғызу екі апта бұрын басталды. Сол кезде Павлодар облысында 15 мың көшет отырғызылды, оның ішінде Павлодар қаласының маңындағы ауылдарда бес мыңға жуық жаңа ағаш пайда болды. Бүгін біз облыс әкімінің тапсырмасы бойынша бұл жоспарды 70 мың көшет өсірдік. Осылайша, біздің облыстың орман қоры да артып келеді, - деп түйіндеді Асхат Оралов. 

Фото: Светлана Воронова

 

pavlodarnews.kz

Тэги: Экочас, посадка деревьев, Булат Бакауов, Павлодарская область