Облыстық білім беру басқармасы баспасөз хатшысы Бақдәулет Нұрматтың берген мәліметтеріне қарағанда, олимпиада балалардың логикалық ойлауын дамытуға бағытталған.

- Биылғы жылғы ерекшелік – олимпиада бағдарламалау мен математика бойынша өткізіледі, - дейді Бақдәулет Нұрмат. – Осы жолы бағдарламалау бойынша олимпиадаға 78 бала қатысты – әр мектеп 3 озық оқушыдан құрылған команда ұсынды. Математика бойынша жарыс 19 қазанға жоспарлануда.

Сол күні Олимпиаданың және Виталий Никитенко атындағы онкүндіктің салтанатты жабылу рәсімі өткізіліп, жеңімпаздар мен жүлдегерлер аты жарияланады.

Айта кетейік, Виталий Никитенко – өңірімізге ғана емес, елімізге де танымал №8 лицей-мектебінің негізін қалаушысы және 17 жыл бойы білім ордасының басшысы болған. 2008 жылы мектепішілік білім сайысы болып басталған олимпиада 2012 облыстық білім беру басқармасының қолдауымен облыстық деңгейге шықты.

pavlodarnews.kz

Тэги: білім беру, №8 мектеп-лицей, олимпиада, Виталий Никитенко