Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, бірінші ЖКО 12 қазан күні сағат 22:00-де Екібастұз - Төртқұдық жолында орын алған. Шідерті ауылынан екі шақырым жерде 51 жасар «Audi-80» жүргізушісі көлікті басқара алмай, металл қоршауға құлап кеткен.

- Жол - көлік оқиғасы салдарынан оқиға орнында 53 жастағы жолаушы - Ақмола облысының тұрғыны көз жұмды. Жүргізуші мен екі жолаушы жарақаттармен ауруханаға жатқызылды, - деді департаментте.

Бұдан басқа, 13 қазанда Павлодар - Қызылорда жолының 79 шақырымында ЖКО орын алды. «Лада-21911» автокөлігінің 26 жастағы жүргізушісі рөлді басқара алмады. Нәтижесінде көлік аударылып, жүргізуші оқиға орнында көз жұмды.

Полиция мәліметтеріне сәйкес, екі факті бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды. Көлікті айыппұл тұрағына жіберді. ҚР ҚК 345- «көлік құралдарын жүргізуші адамдардың жол қозғалысы немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Фото: ашық дереккөзден

pavlodarnews.kz

Тэги: