Білім беру бөлімі тәрбие жұмысы секторының бас маманы Сағындық Шәкеновтың мәлімдеуінше, акцияны өткізу іс-шаралар жоспарына сәйкес тұрмысы төмен, көп балалы, аз қамтылған отбасылар бойынша 577 рейдтік іс-шаралар өткізілді. Рейдтерге білім беру, ішкі істер, халықты әлеуметтік қорғау органдарының, үкіметтік емес ұйымдардың, ата-аналар қоғамдастығының 811 өкілі қатысты.

- Білім беру бөлімінде штаб құрылды, оның құрамына «Ulttyn bolashagy» қоғамдық қорының өкілдері кірді, - дейді Сағындық Шәкенов. - Акция барысында мемлекеттік мекемелерге, ұйымдарға және қала кәсіпкерлеріне қайырымдылық акциясына белсенді қатысу туралы хат жолданды. «Ауыл балаларына - мектепке сыйлықтар» қайырымдылық акциясы барысында «Артур» сауда үйінің кәсіпкерлері Ленин, Жетекші, Павлодар, Кенжекөл ауылдарының аз қамтылған отбасынан шыққан 700 балаға жалпы сомасы 1 420 000 теңгеге көмек көрсетті.

Сондай-ақ, акция шеңберінде Әбусейітов атындағы МСО-да мектеп жәрмеңкесі өткізілді. Жәрмеңкеге 10-нан астам сауда фирмасы қатысты, олар кеңсе тауарларын, мектеп киімдерін, аяқ киімдерін 10-нан 35% жеңілдікпен ұсынды. «Колос» БДО ғимаратында өткен «Бірінші сыныпқа бірінші рет!» акциясы шеңберінде 20 болашақ бірінші сынып оқушылары рюкзактар мен кеңсе тауарларын алды.

Қалалық білім беру бөлімі тәрбие жұмысы секторының бас маманы Nur Otan партиясының облыстық филиалында 29 тамызда «Красный полумесяц» ҚБ «Мектепке жол» акциясы аясында 70 отбасына халық тұтынатын тауарларды сатып алуға әлеуметтік сертификаттар бергенін атап өтті.
Сонымен қатар, «Халық банкі» АҚ 20 бірінші сынып оқушыларына кеңсе тауарлары салынған портфель сыйлады. «Жақсылық жаса» акциясы шеңберінде оқу жылының басында «Добряков клубы» ҚБ 130 балаға көмек көрсетті, қаланың жалпы білім беретін мектептерінің 30-дан астам оқушысы сұлулық салондарына барды. Павлодар қызмет көрсету колледжі акция кезінде тегін шаштараз қызметін көрсетті.

- Акцияға қоғамдық ұйымдар, еріктілер, мәслихат депутаттары, кәсіпкерлер, облыстық полиция департаменті белсене қатысты,- деп қосты Сағындық Шәкенов. - Мектептерде «Мектепке бірге», «Мейірімді қасымызда», «Баланы мектепке жинайық» атты іс-шаралар, акциялар өткізілді. 42 жалпы білім беретін мектептерде ақпараттық стендтер ресімделді, шағын аудандарда акция барысы туралы парақшалар орналастырылды. Осы акция бойынша өткізілетін іс-шаралар туралы ақпарат күн сайын БАҚ және әлеуметтік желілерде кеңінен жарияланды.

Айта кетейік, «Мектепке жол» республикалық акциясының қорытындысы бойынша халықтың әлеуметтік осал топтарынан 4771 балаға жалпы сомасы 35507 теңгеге, оның ішінде бюджеттен тыс қаражат есебінен – 14510 теңгеге материалдық көмек көрсетілді. Акция шілде айынан басталып 30 қыркүйекте аяқталды.

pavlodarnews.kz

Тэги: