Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Павлодар тұрғынынан 90 граммнан аса есірткі заты бар үш түйіншек табылды.

- Сараптама қорытындысына сәйкес осы зат «героин» болып табылды. Сондай-ақ осы азаматшаның есірткі заттарын сатумен айналысатыны анықталды, - деп хабарлайды ПД баспасөз қызметі.

Осы фактіге қатысты ҚР ҚК 297-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Фигурант қалалық УҰИ–ға қамалды.

Сараптамалар тағайындалды. Қазіргі уақытта полицейлер бірқатар жедел іс-шаралар жүргізуде, есірткінің қайдан алынғаны, қандай мақсаттар үшін болғаны анықталуда. Тергеу жалғасуда.

pavlodarnews.kz

Тэги: есірткі, полиция, героин, қылмыс