Студенттер қатарына қабылдауға арналған «Жаңа белес-2019» мерекелік шарасын жастар бастамаларын дамыту орталығы  ұйымдастырды. 

АРТ-медиаорталықтың жетекшісі Аида Байтемірованың айтуынша, шараның  мақсаты - 1 курс студенттерін қоғамдық өмірге белсенді қатысуға шақыру және шығармашылық белсенділікке ынталандыру.

-«Жаңа белес» студенттер қатарына қабылдау шарасы биыл үшінші жыл ұйымдастырылып отыр, - деді Аида Байтемірова. - Жоғарғы топтың ең белсенді студенттері бірінші курс студенттеріне сынақ кітапшасын тапсырды. Шараға облыстың барлық ЖОО және колледждерінің бірінші курс студенттері, жалпы алғанда 5000-ға жуық адам қатысуда.

Бірінші курс студенттері мерекелік шеру барысында жастардың әнұранын шырқады, жергілікті топпен би баттлдарына қатысып, студенттер антын берді.  

-Маған студент болған өте ұнайды, - дейді Инновациялық Еуразия университеті бизнес, білім және құқық факультетінің бірінші курс студенті Данил Хабиров. -  Қысқа уақыт ішінде өз жоғары оқу орнымның жастар ісі жөніндегі президенті болдым. Студенттік шақ мектеп  қабырғасындағы өмірден өзгеше. Өзіңіз туралы көбірек білуге болады,  оқыту басқаша өтеді және атмосфера да ерекше. Біз мектепті жақында ғана аяқтағандықтан, бүгін өтіп жатқан студенттер қатарына қабылдау шарасы нағыз студент екенімізді сезінуге мүмкіндік берді.

Сондай-ақ, бірінші курс студенттері үшін ұйымдастырушылар би кеші, викторина және жүлделер ұтыс ойындарын ұйымдастырды. Мерекелік қабылдау сағат 20:00-де аяқталады.

Айгүл Жүсіпова
Фото: Ольга Бугаева

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар облысы, Ertis Promenade, студенттер, жастар