Облыстық білім беру басқармасының мәлімдеуінше, «Рухани жаңғыру» аясында аудан әкімінің орынбасары Жаңбырбай Сағынаевтың қатысуымен Ертіс ауданында тағы бір «Teacher office» кабинеті ашылған. Өткен оқу жылының қорытындысы бойынша мектепке 3 млн тенге грант бөлініп, оның 2 млн теңгесі осы кабинетті жабдықтауға жұмсалды.

Заманауи кабинетте мұғалімдер үшін қолайлы жағдай жасалған. Жиһаз, компьютер техникасы, сапалы интернет және демалыс бұрышы бар.

- Бүгінгі таңда білім беру жүйесі көбіне мықты ұстазға байланысты, - деді Жаңбырбай Сағынаев. – Оқушыларды жаңа технологияларға үйрету үшін мұғалім өзі өзгеруі тиіс. Сапалы білім беру үшін ақпаратты өңдеп, әртүрлі порталдарды өз жұмысында қолдану керек. Бұл кабинеттегі құрал-жабдықтар ұстаздардың уақытын тиімді пайдалануға және материалдық ресурстармен қамтамасыз етуіне өз ықпалын тигізеді.

Мектеп ұстаздары жаңа форматтағы кабинет қолайлы орын болатынын атап өтіп, аудан басшылығына өз алғыстарын білдірді.

pavlodarnews.kz

Тэги: Ертіс ауданы, мұғалімдер бөлмесі, заманауи, мектеп, білім