Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, ұрлық Назарбаев даңғылындағы тұрмыстық техника сататын сауда үйлерінің бірінде орын алған.

- 25 жастағы облыс тұрғыны сөредегі тауарларды қарап тұрып, қызығушылық білдірген сатып алушының кейпін танытқан. Бұдан кейін сөредегі «Neoline» маркалы бейне-тіркеушісін еркін ұрлап кеткен. Бірнеше күннен кейін сол сауда орталығында осыған ұқсас әдіспен сөреден «Neoline X Cop 9100» маркалы бейне-тіркеушісін ұрлаған. Күдікті осымен шектеліп қалмай, бір аптадан кейін іс-әрекеттерін ешкім байқамағанына көз жеткізіп, «Starlinе А93 ECO» автокөлігінің дабыл құрылғысын қолды қылған, - деді баспасөз қызметінде.

Қалалық полиция басқармасы орталық полиция бөлімінің жедел уәкілдері күдіктіні жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында анықтады.

Барлық фактілерге сәйкес ҚР ҚК 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Ұсталған азаматша қамауға алынды. Тергеу жалғасуда.

Фото: ашық дереккөздерден

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, ұрлық, ПД