Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, БАҚ-та және әлеуметтік желілерде Павлодарда әлеуметтік наннығ бағасы 85 теңгеден 105 теңгеге көтерілді деген ақпарат пайда болғаннан кейін, облыстық кәсіпкерлік және сауда басқармасы мен қала әкімдігі арнайы мониторинг жүргізді. Мемлекеттік органдардың өкілдері әлеуметтік сауда орындарын, ірі сауда желілері мен үй маңындағы дүкендерді аралады.

Белгілі болғандай, нанның сатылу бағасын бірінші болып «ПНТК» ЖШС көтерген. Бүгінде аталған кәсіпорынның және өз өнімдерінің құнын көтерген басқа да наубайханалардың әрекеттерін монополияға қарсы органдар тексеріп жатыр. Айта кету керек, «ПНТК» ЖШС нарықтағы үлесі шамамен 10% құрайды.

- Павлодардағы сауда желілері Greenwich, Small, Inmart дүкендерінде қалыпталған нан бағасын тұрақтандырды және ол нанды 65 теңгеден 85 теңгеге дейін сатып алуға болады, - деді Павлодар облысы әкімінің орынбасары Алмас Батанов облыстық әкімдікте өткен баспасөз конференциясында. – Greenwich, Small және Inmart желілерінің 31 дүкенінде күніне бірінші сұрыпты ұннан дайындалған 3,3 мың бөлке сатылады. Оған қоса, 27 дүкенде, оның ішінде 22 әлеуметтік дүкенде 1,8 мыңнан астам бөлке бұрынғы бағамен сатылады.

Бүгінгі таңда «Павлодар» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының тұрақтандыру қоры 1 мың тоннадан астам ұн сатып алды. Бұл облыс орталығындағы дүкендерде сатылатын нан бағасын тұрақтандыруға септігін тигізеді.

Дулат Райымбек
Фото: Валерий Бугаев

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, нан, баға, тұрақтандыру