Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі хабарлайды.

Рейтингті құру үшін негізгі үш көрсеткіш есептелген: қоғамдық-саяси және экономикалық өмірге қатысуы, қауіпсіздік және кемсітушіліктің жоқ екенін көрсететін әділдік.

Рейтингке әлемнің 167 елі енген. Бірінші орынды Норвегия еншіледі, кейін Швейцария мен Финляндия тұр. Үздік бестікке Дания мен Исландия кірген.

Қазақстан тізімде 43-орында тұр.

Рейтингтің соңғы үш орны Сирия, Ауғанстан мен Йеменге берілді.

pavlodarnews.kz

Тэги: