Отырысқа «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы Павлодар облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты кафедрасының өкілі және мамандырылған жалпы білім беру мектептерінің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің 25 мұғалімі қатысты.

Облыстық білім беру басқармасының баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, дөңгелек үстелдің мақсаты – орта білім беру мазмұнын жаңарту және жүргізілетін зерттеулер аясында орыс тілі мен әдебиеті сабақтарын оқытудың өзекті мәселелерін талқылау мен ұсыныстарды қалыптастыру.

- Педагогтар үшін шеберлік сағаты өткізілді, - деді баспасөз қызметінде. - Шеберлік сағатының ерекшелігі мұғалімдердің кәсіби дағдыларын анықтау, кәсіби даму траекториясын негіздеу. Пікірталас барысында білім беру қызметіне қатысты нормативтік-құқықтық актілер, БЖБ және ТЖБ тапсырмаларын дайындау алгоритмі, оқытудың белсенді әдістері, сабақта критериалды бағалауды қолдану талқыланды.

Сондай-ақ, мұғалімдер оқу бағдарламалары, оқулықтар, мұғалімдерді аттестаттау мен пән мұғалімдерінің біліктілігін арттыру сияқты аспектілер бойынша тәжірибе алмасты.

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, білім, мұғалім