Қазақстанның картоп және көкөніс өсірушілер одағының басшысы Қайрат Бисетаевтің айтуына қарағанда, еліміздің солтүстік өңірлерінде өсетін қызылшаның қанттылығы оңтүстікте өсетіннен жоғары.

- Павлодар облысы - солтүстік өңірлер ішінде суармалы егіншілік жөнінен көшбасшы, - дейді Қайрат Бисетаев. – Мәселен, мұнда өскен картоп үлкен сұранысқа ие. Оның үстіне егіс айналымында аталған екі дақыл бірін-бірі жақсы алмастырады.

«Павлодар әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ өкілі Дәулетяр Бигелдинов атап өткендей, Қазақстан қант зауыттары 90% шетелдік қант талшықтарын өңдейді. Қызылшадан өңделетін қанттың үлес салмағы небары 12%.

Бұл жағдайды Павлодар облысында салынуы жоспарланып жатқан зауыт өзгертуі мүмкін. Оның қызылша шикізатына деген сұранысы жылына 720 тоннаға тең.

- Зауыт логистикалық тұрғыдан ұтымды орналасады – қант қызылшасы өсетін алқаптар небары 70 шақырым қашықтықта болады, - дейді Дәулетяр Бигелдинов. – Зауыт жылына 111 мың тонна ақ қант, 32 мың тонна меласса және 157 мың тонна сығынды шығармақ.

Павлодар облысында өскен қызылшаның сапасы «IAK» неміс компаниясының өкілі, картоп пен қызылша маманы Ханс-Юрген Фюллені таңдандырды.

- Сынақ ретінде өсірілген қызылшаның қанттылығы мен өнім көлемі тамаша, - дейді Ханс-Юрген Фюлле. – Климаттық жағдайға байланысты бұл үшін алаңдағаным рас. Суармалы егіншілік дамыған жерде қызылшадан жақсы өнім алуға болады.

Келесі жылы «Павлодар әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ қызылша алқаптарын 400 гектарға дейін жеткізуді жоспарлауда. Қажетті дәндер таңдаумен ауыл шаруашылық тәжірибелік станция айналысады.

Айта кетейік, павлодарлық ауыл шаруашылық тәжірибелік станцияда Павлодар облысында картоп өсіру бизнесін диверсификациялау және қызылша өсіру мүмкіндіктері талқыланып жатқан семинар өтуде.

Арслан Ғалымбек

Фото: Валерий Бугаев

pavlodarnews.kz

Тэги: қант қызылшасы, қант, ауыл шаруашылығы, картоп