Бұл туралы жексенбіде ұтыс ойынын өткізетін OLG компаниясының өкілдері мәлім етті деп ҚазАқпарат тілшісі хабарлайды.

Түскен нөмірлер - 2, 16, 28, 47, 48 және 49. Бонус-саны - 35», -деп нақтылады ұйымдастырушылар. Қазіргі уақытта белгілі болғандай, ұтыс билетінің біреуі Онтарио провинциясында сатылған, екіншісі - Квебек провинциясында.

Бұдан басқа, бір миллион канадалық доллар көлемінде ($760 тыс.) жұбаныш жүлдесі ойнатылған. Ол Канаданың батыстағы провинцияларының бірінің тұрғынына бұйырды.

Ұлттық лотереяның ережесіне сәйкес, сыйлықты алу үшін ұтыс иесі билетін ұйымдастырушыларға міндетті түрде көрсетуі тиіс, ал жеңімпаздың кім екендігі жұртшылыққа айтылуы керек. Бұл жолғы ұтыс екі ойыншыға теңдей бөлініп беріледі.

 

pavlodarnews.kz

Тэги: