Облыстық ТЖД баспасөз қызметі хабарлағандай, кешегі күні сағат 09:25-те Ломов көшесі, 181/6 көпқабатты үйдегі пәтерде тұратын ер азаматтың бірнеше күн бойы есіктерін ашпағаны мәлім болды.

- Оқиға орнына келіп жеткен төрт құтқарушы саты арқылы үйдің екінші қабатындағы балконға шығып, сол арқылы пәтерге енді. Үй-жайға кірген ТЖД қызметкерлері өлі адамның мүрдесін тапты, - деп хабарлайды ТЖД баспасөз қызметі.

Дәл сол күні кешкісін сағат 17:11-де қаламыздың Ак. Бектұров, 21 көшесі мекенжайында орналасқан үйде ұқсас қайғылы жағдай орын алды. Үшінші қабатта тұрған егде жастағы көршілерінен бірнеше күн бойы хабар естімеген үйдің тұрғындары құтқарушыларды шақырған. Сілесірлік құрал-жабдық арқылы есікті ашқан департамент қызметкерлері пәтерден өлі адамның денесін тапты.

Екі ер адамның денелері полицейлерге тапсырылды.

Айбек Жұматов

Фото: ашық дереккөздерден

pavlodarnews.kz

Тэги: өлген адам, пәтер, жалғызбасты адам, ТЖД, полиция