Облыстық ақпарат және қоғамдық даму басқармасының мәлімдеуінше, облыс әкімі Болат Бақауовтың тапсырмасы бойынша «Ертіс дарыны - 2019» бірінші жастар премиясына құжаттар қабылдау жалғасуда.

- Сыйлық 10 номинация бойынша беріледі: «Білім және ғылым», «Журналистика», «Қоғамдық қызмет», «Спорт», «Мәдениет», «Өндіріс қызметкері», «Кәсіпкерлік», «Ерлігі үшін», «Еріктілер» және «Эстрада», - деді басқармада. – Байқаудың жалпы жүлде қоры – 10 миллион теңге. Байқау талантты жастарға ғылыми, шығармашылық, қоғамдық қызметі үшін, сондай-ақ жоғары спорттық жетістіктері үшін қолдау көрсету мақсатында өткізіледі. Марапаттау рәсімі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнін мерекелеу қарсаңында өтеді.

Жеңімпаздарға «Облыстық Ертіс дарыны сыйлығының лауреаты» атағы беріледі.

Өтінімдерді қабылдау ағымдағы жылдың 25 қазанынан 20 қарашасына дейін «Жастар бастамаларын дамыту орталығы» КММ, Ломов көшесі 38 (105 кабинет) мекен-жайында жүзеге асырылады.

Толық ақпаратты 8 (701) 324 00 66, 8 (747) 668 25 08 телефон арқылы алуға болады.

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, Ертіс дарыны - 2019, сыйлық