Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жалға алушы қыз төлемақысын уақытында төлеп отырған.

- Қазан айында пәтер иесіне көршісі хабарласып, үш күн бойы пәтерде жарық жанып тұрғанын, бірақ есікті ешкім ашпайтынын айтқан, - деді департаментте. – Пәтер иесі қызға қоңырау шалған кезде ол ауылға кетіп, мүмкін жарықты өшіруді ұмытып кеткенін айтқан. Ер адам пәтерге жарықты сөндіру үшін келген кезде үйде кір жуғыш машина мен электр плитасының жоқ екенін көреді. Жалға беруші бірден полицияға жүгінді.

Тексеру барысында пәтерді жалға алған бикеш тұрмыстық техниканы сатып жібергені анықталды. Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК 188-бабы – «Ұрлық» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Департамент қызметкерлері қала тұрғындарына пәтерлерін тапсыру кезінде сақ болуды өтінеді. Мүліктің сақталуын тұрақты түрде тексеру және шартқа отыру наразылық туындаған жағдайда дәлел бола алады.

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, полиция, қоғам, ұрлық