Облыстық төтенше жағдайлар департаменті апаттық-құтқару жасағы бастығының орынбасары Владимир Власов атап өткендей, бүгінде машиналардың барлығы және жеке құрам қысқы уақытқа дайын. Құтқарушылар аяз бен боранға қарамай, өз қызметін орындауға әзір.

- Бүгін қараша айынан сәуірге дейін, яғни қысқы уақытта табиғи және техногендік апаттарда жұмыс істейтін техниканы жиып қойдық. Сонымен бірге, мұнда қыста қаланы қардан тазалайтын апаттық қызметтердің машиналары да әкелінді, - дейді Владимир Власов.

Сондай ерекше машиналардың бірі – «ТРЭКОЛ» қар мен батпақ үстінде жүре беретін автомобиль. Апат орнына 12 құтқарушыны жеткізе алатын бұл машина Баянауыл мен Ақтоғай аудандарында болған топан суда өзінің тиімділігін көрсеткен. Қазіргі кезде жедел әрекет ету жасағында мұндай көліктің үшеуі бар.

Жалпы, байқауға 48 бірлік техника мен жеке құрамның 126 адамы қатысты. Жиын нәтижесінде қалалық жедел әрекет ету жасағы мен қар жинау машиналарының қысқа дайындығына оң баға берілді.

Айбек Жұматов

Фото: автор

pavlodarnews.kz

Тэги: ТЖД, қысқа дайындық, қыс, құтқарушылар, техника, ТРЭКОЛ