Бұл туралы әнші өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Weibo деп аталатын (қытайлық инстаграмда) The masked singer бағдарламасында көрсеткен өнерім 12 сағат ішінде 120 млн көрілім жинады. Баршаңызға қолдауларыңызға рахмет», - дейді әнші.

Еске салсақ, бұған дейін Димаш Құдайберген Қытайда өткен Бетперде киген әнші (Mask Singer) шоуына қатысып, өнер көрсеткені туралы хабарлаған болатынбыз.

Айта кетсек, Mask Singer – қытайдың вокалдық реалити шоуы. Оған қатысқан танымал тұлғалар өзін танытпас үшін бетперде киіп алады. Шоуды Ли Хао жүргізеді. Әншілердің өнерін қазылар алқасы бағалап отырады. Шоудың тұсаукесері 2016 жылғы 18 қыркүйекте Jiangsu Television-да болған.

pavlodarnews.kz

Тэги: