Облыстық полиция департаменті суық түскенге байланысты өңірдегі жүргізушілерге ескерту жасады.

- Жүргізушілер үшін қозғалыстың негізгі шарты – төмен жылдамдық пен айрықша сақтық, - деді департаментте. – Көктайғақ кезінде жаяу жүргіншіге екі қауіп-қатер төнеді – тайып кету немесе құлап қалу және машинаның астына түсу. Суық түскеннен бастап, соғылу, буын шығып кету және сыну сияқты көшедегі жарақаттар саны өсуде. Көктайғақ кезінде жүргізуші жылдамдықты асырмауы, машиналар арасындағы қашықтықты ұстауы, бұрылыстарда кенеттен тежелуден аулақ болуы, рөлді бірқалыпты бұруы, жарықты қосып жүруі тиіс. Көктайғақ жолда қиындық тудырмау үшін барлық автокөліктерге қысқы дөңгелектерді алдын ала орнату қажет.

Департамент баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, 2019 жылы 4-5 қараша аралығында «Павлодар-Шарбақты», «Павлодар-Омск» автожолында және Павлодар қаласында 4 жол апаты орын алған.

4 қарашада сағат 19:30-да «Павлодар-Шарбақты» автожолының 10 шақырымында «Mersedes Bens» маркалы автокөлігінің 30 жастағы жүргізушісі тайғақ кезінде рөлді игере алмай, аударылып қалған. Дәл сол күні сағат 23:30-да облыс орталығындағы Химкомбинатовская көшесінде 25 жастағы «Тойота» автокөлігінің жүргізушісі 56 жастағы жүргізушінің басқаруындағы «DAF» автокөлігімен соқтығысқан. Машина жолай бағытта тұрған.

5 қарашада сағат 02:50-де «Павлодар-Омск» автожолында Прииртышск ауылының маңында «ВАЗ» автокөлігінің 39 жастағы жүргізушісі көлікті басқара алмай «Volvo» маркалы автокөлігімен Қырғыз Республикасының 35 жастағы азаматы басқарған тіркемемен соқтығысқан. Сондай-ақ Павлодар қаласында Назарбаев даңғылында «Лифан» маркалы автокөлігінің жүргізушісі көлікті тізгіндей алмай темір қоршауға соғылып, тротуарға шығып кеткен.

Сондай-ақ полицейлер көлік тізгіндеушілерге жол жүру ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.

- Құрметті автокөлік иелері! Сақ болыңыз, жол жүру ережелерін қатаң сақтаңыз. Әсіресе түнгі уақытта  қырағы болыңыз. Түнде жолда көріну бірнеше есе азаяды. Автокөлігіңіздің жарамдылығын қадағалаңыз. Жылдамдық режимін бұзбаңыз. Балаларды автомобиль салонында тасымалдау кезінде қауіпсіздік белдіктерін және балаларды ұстап тұратын құрылғыларды тағуды ұмытпаңыз, - деді департаментте.

Айта кетейік, жол-көлік оқиғалары салдарынан 3 жүргізуші мен 1 жолаушы ауруханаларға жеткізілді.

Фото: ашық дереккөздерден

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам