Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, көліктің салонында еліктің тұтас еті, 10 келі балық, төрт үйрек пен аңшылық қаруы болған.

- Тексеру барысында елікті атуға рұқсат беру құжаттары жоқ екені анықталды. Сонымен қатар ереже бойынша елікті аулау қорықшының қатысуымен ғана рұқсат етіледі. Ер адам заңсыз балық аулаған, себебі бір адамға тек 5 келі ғана балық аулауға болады. Заңсыз балық аулау фактісіне қатысты ҚР ӘҚБК 383-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 10 АЕК көлемінде айыппұл салынды, - дейді департаментте.

Заңсыз аң аулау фактісі бойынша ҚР ҚК 337-бабымен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Жыл басынан бері табиғат қорғау полицейлері заңсыз аң аулаудың 437 фактісін тіркеген.

Полиция департаменті аң аулауды жүргізу үшін өзімен бірге аңшылық қарудың тиісті құжаттары, аңшылық билеті, аң аулаудың қай түріне, қай ауданда жүргізілетіні көрсетілген жол парағы болуы қажет екенін ескертеді.

Суда жүзетін жабайы құстар мен елікті аулау маусымы 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін, терісі бағалы аңға 2020 жылдың 15 ақпанына дейін жалғасады.

 

Фото: ПД баспасөз қызметі

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, қоғам, білім