Ата-аналарға криминалистердің, тергеушілер мен ювеналды полицейлердің жұмыс орындарын көрсетті. Олардың жұмыс ерекшеліктері, рейдтер және алғашқы істері туралы айтып берді және әріптестерімен таныстырды.

Жас қызметкерлерге жұмыс істеуге тәлімгерлер мен әріптестері көмектеседі.

- Кез келген шығу тәлімгердің қатысуымен өтеді, - дейді Солтүстік полиция бөлімінің криминалист-стажері Дамир Тілембеков. - Ол қайда және не істеу керектігін түсіндіреді және көрсетеді. Тағылымдамадан өтуші лауазымына тамыз айында тағайындалдым. Тәжірибеден қаңтар айына дейін өтемін, кейін жарты жылға Алматы немесе Қарағанды қалаларындағы барлық полиция қызметкерлері үшін алғашқы дайындық мектебіне оқуға барамын.

Солтүстік полиция бөлімі бастығының кадр саясаты жөніндегі орынбасары, майор Айбат Ыбраевтың мәлімдеуінше, тәжірибеден өтуге келген жастарды іріктеп алады.

- Құжаттарды жинау, медициналық тексеру, тестілеу, физикалық дайындығы және кадр комиссиясынан өту жұмыстары 2-3 ай уақытты алады, - дейді Айбат Ыбраев. - Бұл ретте полицейлердің бойы 165 см-ден төмен болмауы тиіс, офицерлердің жоғары білімі, сержанттардың орта немесе орта арнайы білімі болуы және әскери қызмет өткеруі керек.

Өткен жылы 14 тағылымдамадан өтуші Солтүстік бөлімде жұмыс істегенін айтады. 2019 жылдың басынан бері полицияға 16 адам келген, олардың сегізі тәжірибеден өтуде.

Ата-аналар жұмыстарынын қиындығына қарамастан, балалардың таңдауын қолдайтындарын айтады. Ең бастысы - жұмысына деген қызығушылық және ынта.

 - Біз ұлымыздың шешімін қолдадық, - дейді Талғат Мұсаипов. - Мамандық қауіпті, бірақ бұл - оның таңдауы. Оған ұнайды және ол өз жұмысын  қызығушылықпен атқарады.  Бұл - ең бастысы. Ұлым мамандықты мектепте оқып жүргенде таңдап қойған. Мен оны полицияның орталық бөліміне апардым, психолог маманмен кездесу ұйымдастырдым. Ол моральдық және физикалық ауыр жұмыс екенін түсіндірді және уақытының көп бөлігін қызметте өткізетінін айтты. Бірақ ұлым өз таңдауын жасады. 

Қуат Мұсаипов ІІМ Омбы академиясында оқыды. Павлодар қаласының Орталық полиция бөлімінде тергеуші қызметінде төрт ай жұмыс істейді. 

Оның айтуынша, алдын ала тергеу мамандығын таңдауға детективтік фильмдер әсер еткен.

- Фильмдерде көп нәрсе ойдан шығарылады, шың мәнінде бізде бәрі басқаша, - дейді жас маман. - Ал бұл - өмір, фильм емес. Адамдармен жұмыс істейсің, олардың тағдыры бізге байланысты болғандықтан, эмоцияға берілуге болмайды. Қылмыстық іс бойынша шындықты ашу үшін талап қою, объективтілік, әділдік маңызды рөл атқарады.

Қуат Мұсаипов жеке меншікке және жеке тұлғаға қарсы қылмыстарды тергейді. Орташа алғанда әрбір тергеушіде 10-15 іс өндірісте болады.

 

Айгүл Жүсіпова 

Фото: Ольга Бугаева

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, ПД, полиция, тергеуші, жас маман