Облыстық конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығының мәлімдеуінше, ҚР БҒМ Дінтану сараптамасы орталығы директорының орынбасары Бауыржан Шериязданов және теолог, Қарағанды облысы Теміртау қаласы қалалық мешітінің имамы Елдос Жұмаділда электронды және коммуникация жоғары колледжінің қабырғасында оқитын жастармен кездесті. Іс-шара барысында жоғары білікті мамандар «Жастарды деструктивті діндерге тартудың алдын алу» тақырыбында дәріс оқыды.

Бауыржан Шериязданов. Б. Ахметов атындағы педагогикалық жоғары колледж студенттерімен кездесіп, «Интернеттегі жастарға арналған ақпараттық қауіпсіздік негіздері» тақырыбында дәріс оқыды.

Сарапшының айтуынша, жастар көбіне сауаттылықтың жоқтығынан, ақпараттың жетіспеушілігінен деструктивті діни ағымдардың ықпалына түседі.

- Бүгінгі таңда әлеуметтік желілердегі алдын алу жұмыстарына көбірек көңіл бөлу керек, себебі дәл сол жерде адамдар көбіне радикалды идеология ықпалында кетеді, - дейді Бауыржан Рақымғалиұлы.

ҚР БжҒМ Дінтану сараптамасы орталығы директорының орынбасары Бауыржан Шериязданов пен Павлодар облысы конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығының басшысы Гүлназ Раздықова Ақсу қаласының жастарымен әңгіме өткізді. Лекторлар деструктивті діни ұйымдардың қауіптілігін, сондай-ақ олардың ықпалынан қорғау тәсілдерін түсіндірді.

Фото: Павлодар облысының конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығы

pavlodarnews.kz

Тэги: дін, Павлодар облысы