Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Мақсат Тұрлыбаевтың айтуынша, бұл – 2019 жылғы ең ірі жобалардың бірі. 

- Бірінші жоба - облыс бойынша автономды қазандықтарды жаңғырту, басқару және пайдалану. Құны - 7 234,0 млн теңге. Әлеуетті жеке серіктес – «Сапро-НАТ» ЖШС. Жоба аясында 10 аудан мен үш қалада 360 автономды қазандық орнату  көзделуде. Облыстың әрбір қаласы мен ауданына қызмет көрсету үшін 13 өңірлік бөлімше құру жоспарда бар.

Ведомство ұсынған мәліметке сүйенсек, жеке инвестициялар есебінен жұмыс істеп тұрған қазандықтар жылытылатын үй-жайда тұрақты температураны ұстап тұратын, қуаттылығы 110-нан 800 кВт дейінгі ұзақ жанатын қатты отынды қазандықтарға ауыстырылмақ. 

Бұл қазандықтар жоғарыдан төменге қарай жану қағидаты бойынша автоматты басқарылады. Жоба  мемлекеттік-жеке меншік серіктестік келісімшартын әзірлеу кезеңінде.

Екінші жоба - Павлодар қаласында жабық жеңіл атлетика манежін салу және пайдалану. Жобаның құны - 5 969,5 млн теңге. Әлеуетті жеке серіктес – «Құрылыс ТЭД» ЖШС. Спорттық нысан МЖС жобасы бойынша кейін сенімді басқаруға беріледі.

- Осы жобаға қатысты жеке серіктесті анықтау бойынша қайталама конкурс өткізілгені белгілі.   Ендігі уақытта конкурстық рәсімдердің қорытындысы шығарылады, - дейді Мақсат Тұрлыбаев.

Ақбота Сейсенбаева

Фото: Валерий Бугаев

pavlodarnews.kz

Тэги: экономика, Павлодар облысы, автономды қазандықтар