Қалалық білім беру бөлімінің маманы Балжан Әділханованың айтуынша, чемпионаттың қорытындысы бойынша 6-сынып оқушылары Әлімхан Мансұров мен Никита Сидоров 12 жасқа дейінгі «Биатлон» санаты бойынша І орынды қанжығаларына байлады.

- Жаттықтырушылары - мектептің робот техникасы мұғалімі Азамат Жүнісов, - дейді Балжан Әділханова. - Робот Lego Mindstorms EV3 базасында құрастырылды және трассадан өтуге, нысанаға тигізуге арналған. Оқушылар KazRoboSport-2019 облыстық іріктеу жарысына қатысып, «Биатлон» санаты бойынша кіші топта І орынға ие болған. Сондай-ақ WRO-2019 облыстық іріктеу турниріне қатысып, «Regular Elementary» санаты бойынша II орынды иеленді және WRO-2019 республикалық чемпионатына жолдама алған.

Айта кетерлігі, Әлімхан Мансұров 2018 жылы 5-8-сынып оқушылары арасында өткен «Мой робот» қалалық олимпиадасына қатысып, «Robokombo» санаты бойынша жүлдегер атанды. Ал, Никита Сидоров 2018 жылы «Инфоурок» жобасының математикадан халықаралық қашықтық олимпиадасына қатысып, ІІ дәрежелі дипломымен және «Пони» халықаралық байқауының ІІ дәрежелі диплом иегері атанды.

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, оқушылар, робот техникасы, республикалық чемпионат, І орын