Орын алған оқиға туралы ақпарат Instagram-да  @ekibas_v_teme қауымдастығында пайда болды.

«Кеше Богатырь көмірде төтенше жағдай орын алды. Көмекші секіріп кеткен, машинисті қысып қалды. ТЖМ машинисті алып шықты, ол  жансақтау бөлімінде жатыр», - делінген пабликте.

Аймақтық еңбек басқармасында бұл ақпаратты растады.

- 2019 жылғы 14 қарашада «Богатырь Көмір» ЖШС-нің 1962 жылғы қызметкері  жазатайым оқиғаға ұшырады, - деп хабарлады қауіпсіздік техникасын сақтауды бақылау және еңбекті қорғау бөлімінің басшысы Абылай Сабыров. - Қазіргі уақытта жұмыс беруші жазатайым оқиға туралы хабарлама берді. Біз оқиға орнына бардық, осы факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.

Екібастұз қалалық ауруханасында 2019 жылдың 14 қарашасында сағат 14:00 шамасында жедел жәрдем бригадасымен екі зардап шеккен адам жеткізілгенін айтады.

- Біреуі ауруханаға жатудан бас тартты, екіншісінің санында сынығы бар. Оны жансақтау бөліміне жатқыздық, бүгін травматология бөліміне ауыстырылды. Жамбасы сынған. Пациенттің жағдайы тұрақты деп бағаланады, - деп нақтылады аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Светлана Подзорова.

Фото: ekibas_v_teme

 

pavlodarnews.kz

Тэги: Екібастұз, оқиға