Бұл туралы BAQ.KZ тілшісі хабарлайды.

Арктикалық антициклондарды атлантикалық батыс циклондар жылдам ығыстыруда. Республиканың солтүстік, орталық және шығыс облыстарында ауа температурасының айтарлықтай төмендеуі жексенбі күні кезекті жылумен алмасады. Егер алдағы түнде бұл аймақтарда түнгі ауа температурасы минус 17…25°С сақталса, ал жексенбіде түнде солтүстікте және орталықта, дүйсенбіде шығыста минус 5…13°С жоғарылайды. Атлантикалық циклонымен ауа температурасының жоғарылауы ғана емес, қар, сондай-ақ, жолдарда, көріну қашықтығын нашарлататын боран және екпінді батыс желі соғады деп болжануда. Оңтүстік және оңтүстік-шығыста жауын-шашынсыз болғанымен, ауа температурасы төмендейді. Батыста жауын-шашынсыз және температураның жоғарылайды, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, 16 қарашада Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, күндіз көктайғақ болады. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с жетеді.

pavlodarnews.kz

Тэги: