«Қазақстан аруы-2019» байқауының жеңімпазы Мәдина Батық түскен роликті «Әлем аруы-2019» байқауының ресми аккаунты YouTube-қа салды. 

Мұнда Маңғышлақ түбегі, Шарын шатқалы, Шымбұлақ, Сауран ежелгі қаласы, Қожа Ахмет Яссауи кесенесі, Ақмешіт үңгірі, Каспий теңізі және Қазақстанның астанасы – Нұр-Сұлтан қаласын көруге болады.

Еске сала кетейік, 19 жастағы павлодарлық Мәдина Батықты «Қазақстан аруы-2019» байқауында ең әдемі 32 қыздың ішінен таңдап алған болатын.

Мәдина - С. Торайғыров атындағы ПМУ туризм факультетінің студенті. Жеңімпаз 3 млн теңгеге чек, «Әлем аруы» байқауында Қазақстанды ұсыну құқығына ие болды және Париждегі шопингке жолдама алды.

«Қазақстанның кереметі туралы» бейне тұсаукесері Лондонда өтетін Miss World 2019 байқауында Мәдина Батықты сүйемелдейтін болады.

. 

Видео:Miss World

pavlodarnews.kz

Тэги: Мисс Казахстан, Павлодар, Мадина Батык

Похожие материалы: