Бұл туралы облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі мәлім етті.

- «Қазгидромет» РМК Павлодар облысы филиалының ақпараты бойынша, 19 қарашада түнде Павлодар облысының кей жерлерінде қар, көктайғақ, бұрқасын болады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі, - дейді департаментте.

19-21 қарашада өңірде түнде ауа температурасы 15-20 градус, 25-30 градус аязға дейін күрт төмендеуі күтіледі.
Дауылды ескертудің ықтималдылығы 95 %.

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар облысы, ауа-райы, аяз, дауылды ескерту