Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі Yonhap агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Кеме бортында 12 экипаж мүшесі болған. Өрт таңға жуық Чеджудо аралы жағалауынан батысқа қарай 80 км жерде болған. Айта кетейік, кемедегі құрамның алтауы Оңтүстік Корея азаматы болса, алтауы - вьетнамдық.

Жоғалған қызметкерлерді іздеу жұмыстары жалғасып жатыр. Корея Республикасының президенті Мун Чжэ Ин құтқару операциясына қолдан келген барлық мүмкіндікті жасауды тапсырды.

pavlodarnews.kz

Тэги: