Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросы Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы Айдар Тастеміров мәлім етті.

- 28 қарашада Заңның жаңа өңдеуі күшіне енді, - деді Айдар Тастеміров. – Бұдан былай мемлекеттік қызметшілер, бұл министрлер және оның орынбасарлары, әкімдер және облыс әкімдерінің орынбасарлары, Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдері, аудан әкімдері олардың тікелей бағынышты мамандары жемқорлық қылмыстарын жасаған жағдайда отставкаға кету керек.

Заңға сәйкес жетекші соттың айыптаушы үкімінің күшіне енгізілгеніне 10 күнтізбелік күн өткенде немесе оның тікелей бағыныштысына қатысты қылмыстық істің оңалмайтын негіздер бойынша тоқтатылған жағдайда отставкаға беруге міндетті.

Спикердің айтуынша, облыс әкімінің тікелей бағыныштылары – оның орынбасарлары, аппарат жетекшісі, обыстық маңыздағы қалалар мен аудан әкімдері.

- Облыс әкімінің орынбасары ол жауапты жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органның жетекшілері үшін жауапкершілікте болады, - деді Айдар Тастеміров. – Аудан әкімі өзінің орынбасарлары, аппарат жетекшісі, аудандық атқарушы органдардың жетекшілері, ауыл, кент және ауылдық округ әкімдеріне жауапты.

Айдар Тастеміров мемлекеттік қызметшінің жемқорлыққа қатысты ұсталған уақытына қарамастан, бағыныштысының әрекетіне үкім шыққан сәттегі жетекшісі жауапкершілікте болатынын атап өтті.

«Мемлекеттік қызмет туралы» Заңға сәйкес отставкаға кету өтінішін қызметке тағайындалған мемлекеттік қызметкер береді. Отставкаға қабылдау немесе қабылдамау шешімі саяси мемлекеттік қызметшіні сол лауазымға тағайындаған тұлғаның құзырында.

- Саяси емес, А және Б корпусының әкімшілік мемлекеттік қызметшілері болатын қалған жетекшілерге қатысты заңмен олардың бағыныштылары сыбайлас жемқорлық қылмысын жасаған жағдайда тәртіптік жауапкершілік енгізіледі, - деді Айдар Тастеміров.

Оразбек Саяхат
Фото: ӨКҚ

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, жауапкершілік, сыбайлас жемқорлықпен күрес