Қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Қанат Желдыбаев айтып өткендей, Павлодар әкімінің тапсырмасымен құрылған мониторингтік топ аталған ғимараттардағы пәтерлер мен желілерді тексеріп, тұрғындар өтініштерінің бекер еместігіне көз жеткізген. Анық болғандай, Толстой, 90 пәтерлеріндегі ауа температурасы 20 градустан төмен болған.

- «Павлодар жылу желілері» ЖШС аталған үйлерді басқа жылу желілеріне қосу туралы тапсырма берілді, - дейді Қанат Желдыбаев. – Нәтижесі көңіл көншітерлік. Пәтер иелері риза. Бүгінде бұл үйлерде жылу және гидравликалық көрсеткіштер қалыпқа келтірілді. Дәл осындай жұмыс Киров, 89 көпқабатты үйінде де өткізілді.

Қанат Желдыбаевтың айтуынша, өтініштер көбінде-көп түгелдей бір үйдің емес, жекелеген пәтерлер тұрғындарынан келіп түседі. Осындай жағдайда радиаторлардың бітеліп қалуы, әйнек, балкондар есіктерінің нығыздалып жабылмауы жиі кездеседі.

Толстой, 90 үйінің тұрғыны Галина Дмитриева пәтерінің жылынғанын растады.

- Қазір батареяларымыз ыстық. Оған дейін пәтер суық болған. Оның үстіне ыстық су да болған жоқ. Қазір бәрі жақсы, - дейді Галина Дмитриева.

Осы орайда аталған көпқабатты үйге қызмет көрсететін Небольсин ЖК басшысы Татьяна Недорубова уақтылы көмек көрсеткен әкімдікке алғысын білдірді.

Айбек Жұматов

Фото: автор

pavlodarnews.kz

Тэги: жылыту маусымы, ТҮКШ, температура, «Павлодар жылу желілері», тұрғын үй инспекциясы