Аудандық білім беру бөлімінің әдіскері Махаббат Садуақасованың айтуынша, байқаудың мақсаты қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқыту сапасын жоғарлату және мұғалімдер арасында озық тәжірибе алмасу болып табылады.

- «Ең таңдаулы қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдерінің» байқауы 3 тапсырмадан тұрды, - дейді Махаббат Садуақасова. - Бірінші тапсырма - пән бойынша 50 сұрақ, екінші тапсырма эссе жазу болса, үшінші тапсырма үй тапсырмасы ретінде берілген білім мазмұның жаңарту бағытында қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқыту бойынша дидактикалық материалдар дайындау.

Аталған байқауға қазылар алқасы ретінде ауданның ардагер ұстаздары мен аудандық білім беру бөлімінің мамандары төрешілік етті.

Байқау қорытындысы бойынша «Шеберлік шыңы» бағытында І жүлделі орынды Ж.Аймауытов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Салтанат Әбілдина иеленді. «Шоқ жұлдызы» бағыты бойынша І орынды Ш. Айманов атындағы мектеп-интернатының қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Кенжегүл Әлжанова, ал «Үміт» бағыты бойынша Шадыра МБОТК-нің Мақпал Балғабаева қанжығасына байлады.

Барлық жүлдегерлер мадақтамалармен марапатталды.

Еске сала кетейік, биыл алғаш рет «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында  мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту мақсатында өңірдің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерінің алғашкы форумы өткен.

pavlodarnews.kz

Тэги: Баянауыл, қазақ тілі мен әдебиеті пәні. мұғалім, байқау, Павлодар облысы