Бұл туралы Baq.kz хабарлайды.

Бұл елдің "Finnair" әуе компаниясы соңғы 3 жыл бойына Нұр-Сұлтан-Хельсинки бағытында ұшырылымдар атқарып келеді. Кеше өткен келіссөздер нәтижесінде аталған компания Нұр-Сұлтан қаласына жасалатын рейстер санын арттырып, Алматыға жаңа бағыт ашатын болды. Осылайша, екі ел арасындағы рейстер саны аптасына 14-ке жеткізіледі. Атап айтқанда, енді Хельсинки-Нұр-Сұлтан және Хельсинки-Алматы бағыттарында аптасына 7 реттен ұшуға болады, - делінген хабарламада.

Сондай-ақ бұл шара мемлекет басшысының тапсырмасымен енгізілген "ашық аспан" режимі аясында іске асырылып жатқаны да айтылған.

pavlodarnews.kz

Тэги: