Бұл туралы мәліметті Ертіс ауданының әкімі Аян Бейсекин жеткізді.

- Биыл жұмыспен қамту органдарынан жұмыс іздеп келгендердің саны 1081 адамды құрады. Ауданда жұмыссыздық деңгейі 3% болса, облыстағы орташа көрсеткіш – 4,6%, - дейді Аян Бейсекин.

Аудан әкімінің берген мәліметіне сүйенсек, 2019 жылы Ертісте 772 адам жұмыспен қамтылды. Оның ішінде тұрақты табыс көзімен 426 адам қамтылса, қоғамдық жұмыстарға 272 адам жіберілді. Тағы 23 адам жастар тәжірибесіне бағытталды.

- Оған қоса «Бизнес-бастау» және «Жас кәсіпкер» жобалары бойынша 185 адамға кәсіпкерлік негіздері үйретілді, - дейді Аян Бейсекин. – 82 адамға мемлекеттік грант берілді. Олардың 40-ы 100 АЕК көлемінде болса, қалған 42-сі – 200 АЕК көлемінде.

Айта кетейік, 2019 жылы ауданға нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында 18 отбасы қоныс аударды.

Айбек Жұматов

Фото: ашық дереккөздерден

pavlodarnews.kz

Тэги: Ертіс ауданы, Аян Бейсекин, жұмыспен қамту, әлеуметтік сала