Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі ҚР ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, Қостанай қаласында орналасқан қатаң режимдегі колония қызметкерлері қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің аумағына іргелес жатқан учаскелерді тексеру барысында жанында орнласқан үйлердің бірінен түтін мен оттың тұтанып жатқанын байқайды.

Бірнеше минуттан кейін офицерлер өрттің ізі байқалған үйге қарай жүгіріп, болған жағдай туралы мекеменің кезекші бөліміне хабарлайды. Олар барған бойда тұрмыстық ғимараттарды өрт шалып, көрші аулаға қарай шыққаннын көреді.

Қызметкерлердің айтуынша, ойлануға уақыт болмаған, себебі жанған өрттің салдарынан үйдің біраз аумағын жалын шарпып, қауіп барған сайын үдей түскен. Олар тез арада үйдің қоршауын бұзып, көршілерді оятады.

Өрт қаупі төнген уақытта егде жастағы үй иесімен бірге көрші пәтерде де жас отбасы болған. Әділет аға лейтенанты Ғалибек Толепберген мен әділет лейтенанты Дархан Бекдаутов өрт сөндіру қызметінің келгенін күтіп, артынша жұмыс орындарына оралады.

Тұрғындар ҚАЖ мекемесінің қызметкерлеріне төтенше жағдай кезінде көрсеткен жедел әрі уақытылы көмектері үшін алғысын білдірді.

pavlodarnews.kz

Тэги: