- Бұл кабинет алғаш рет қазақ тілінде құрастырылған 30-дан астам ойын түрі әлемнің әр түкпірінен таңдалып алынғандығымен ерекшеленеді, - дейді білім беру бөлімінің әдіскері Балжан Мәрен. - Мұнда мектепке дейінгі топтың балалары және 1-3-сынып оқушылары қатысады. Сонымен қатар Іntellectum өнімдері оқу жоспары, оқушыға арналған тапсырма, мұғалімге арналған нұсқаулық кітаптары және баланың деңгейін анықтауға арналған тест жинақтарымен қамтылған. Бұл ойындар қазіргі заман талабына сай балаларды жаңаша ойлауға бейімдейді.

Ойындар жаңаша ойлауға, ойлау қабілеттерін дамытуға негізделген. Іntellectum өнімдерімен ойнау арқылы балалар түрлі қасиеттерін дамыта алады.

Біріншіден, визуалды қабылдау, яғни заттың түсін, пішінін, мөлшерін, көлемін, бағытын ажырата алады. Сондай-ақ салыстырмалы түрдегі үлкен-кіші, алыс-жақын, аз-көп ұғымдарын, ұқсас бөлшектерді айыру, үш өлшемді (3D) фигураларды анықтау, пішіндерден кескін құрау, ортақ бөліктерді көре білу қасиетін жақсартады.

Екіншіден, креативті ойлау, яғни қиялын дамыту, қиялындағы пішіндерді сыза отырып көрсете білу, берілген тұспалдарға сәйкес жаңа үлгілер жасай білуге машықтанады.

Үшіншіден, стратегия, яғни шешімі күрделенген жағдайда тығырықтан шығу жолын қарастыруды, белгілі бір нәтижеге жету жолында жаңа жоспар құрастыруды, кез келген мәселеге басқа тұрғыдан қарай білуді, шешім шығаруда өзіндік стиль құрай алуды және болып жатқан жағдайды түсіндіре білуді үйренеді.

Ақбота Сейсенбаева

Фото: Аққулы ауданының ішкі саясат бөлімі

pavlodarnews.kz

Тэги: Аққулы ауданы, білім, кабинет