Бұл туралы облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі мәлім етті.

- № 7 өрт сөндіру бөлімінен 15 шақырым қашықтықта жеке тұрған шаруашылық алаңында ағаш құрылымдар мен шифр төбе жанып, 32 шаршы метрі құлап түскен. Ол жерде 6 тонна сұлы болған. Өрттің шығуына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған. Оқиға орнына 5 адам мен бір техника шықты, - дейді департаментте.

Сондай-ақ Ертіс ауданының Ертіс ауылында Гагарин көшесінде көмір қоймасында тұрған ағаш құрылымдар мен 25 шаршы метр қабырға жанған.

Тілсіз жауды ауыздықтауға 4 қызметкер мен бір техника жұмылдырылды. Келтірілген шығын көлемі анықталуда.

 

Фото: ашық көздерден

 

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам