Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында төтенше жағдайлар департаменті қалалық басқармасының басшысы Ренат Валишанов мәлім етті.

- 11 ай ішінде облыс орталығында 66 жеңіл және жүк көлігі жанып кетті, - дейді Ренат Валишанов. - Сондай-ақ жолаушылар автобусында өрт шықты. Қазан айының ортасынан бастап, яғни аяз басталғаннан бері 11 өрт тіркелді. Жүргізушілердің ешқайсысы зардап шеккен жоқ.

Сонымен қатар, басқарма басшысы автокөлік иелеріне бес литрлік ұнтақтық өрт сөндіргіш құралдарын сақтауға кеңес береді.

- Көбінесе автокөлік жүргізушілері бір литрлік өрт сөндіргіштерді сақтайды. Ал ондай өрт сөндіргіштің сыйымдылығы бір ошақты сөндіру үшін жетпейді, - дейді спикер. – Сондай-ақ көлікте өрттің пайда болуының ең көп тараған себептеріне электр сымындағы ақаулар, отынның ағып кетуі, жүйенің шамадан тыс жүктелуі жатады. Оған қоса, қосымша түрлі-түсті жарық түсіретін шамдар жалпы автомобиль жүктемесіне және аккумуляторға тікелей әсер етеді. Бұған қоса, аккумуляторға әлсіз бекітілген клеммалар да өрттің шығуына себеп болады.

Ренат Валишанов аккумуляторларды тікелей автокөлікте қуаттандыру да қауіпті екенін және тыйым салынатынын атап өтті. Сондай-ақ автокөлікті арнайы емес, яғни, кәсіпқой жөндеушілерде жөндеу өрт себептерінің бірі болып табылады.

Айгүл Жүсіпова

 

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, өрт, тжд