Қалалық білім беру бөлімінің мәлімдеуінше, №24 мектептің 5-сынып оқушысы Альдина Өмірбекова Алматы қаласында өткен «Жаса Отаным - 2019» көркем гимнастика бойынша республикалық турнирде 2008 жылғы туылғандардың А тобында 1-орынды иеленген.

- Альдина - мектептің үзік оқушыларының бірі, - деді білім беру бөлімінде. – Интеллектуалдық деңгейі жоғары, оқу бағдарламасы мен барлық оқу пәндерін жеңіл меңгереді. Дене тәрбиесі сабағы ерекше ұнайды. Мектептен тыс спортпен айналысады. Кітап оқығанды жақсы көреді. Болашақта өзін спорт жолына бағыттауды жоспарлауда.

Айта кетейік, Альдина – облыстық құрама команданың, Қазақстан жасөспірімдер құрама командасының мүшесі, Қазақстан чемпионатының көркем гимнастика бойынша командалық біріншілігінде қола жүлдегері, халықаралық және республикалық жарыстардың, Баку, Люксембург, Тарту (Эстония) қалаларында өткен халықаралық турнирлердің жүлдегері.

2018 жылы Испанияда, Мәскеуде, Алматыда, Астанада өткен халықаралық турнирлерде 1-орындарға ие болды. Көркем гимнастикамен олимпиада резервінің мамандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінде айналысады. Жаттықтырушысы – КСРО спорт шебері, жоғары санатты жаттықтырушы, халықаралық санаттағы төреші Наталья Мамашева.

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, көркем гимнастика