Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Тереңкөл ауданының әкімі Ернұр Әйткенов мәлім етті.

- Шалғайда орналасқан шағын жинақты мектептердің 9-11 сынып оқушылары арасында бәсекелестік жоқ, - дейді аудан басшысы. – Себебі мұңдай мектептерде бір немесе екі бала ғана білім алуда. Осы орайда, оқушылардың аудан орталығында сапалы білім алып, бәсекелестік қабілеттерін арттыру мақсатында бюджеттен қаржы бөліп, 20 орындық интернат ашуды көздедік. Жоспар бойынша интернат ҚР Тәуелсіздік күні қарсаңында қолданысқа беріледі.

Сонымен қатар, объектіде қосымша ғимарат салынды және жылыту жұмыстары жүргізіліп, қоршау орнатылды.

Ернұр Әйткенов Тереңкөл ауылы тұрғындарының көптеген ауызша және жазбаша өтініштері бойынша БЖСМ стадионы қайта жаңартылғанын атап өтті. Стадионға 300 орындық мінбелер мен жасанды жабын орнатылды. Сондай-ақ футбол алаңы толықтай жарықтандырылған.

Бұдан басқа, спикердің айтуынша, ағымдағы жылдың соңғы 10 айы ішінде жүргізілген жұмыстардың бірі - № 2 А. Текенов ОМ жылу трассасының күрделі жөндеуден өткізілуі. 30 жылдан астам уақыт бойы осы жылу трассасына жөндеу жұмыстары жүргізілмеген. Тозған құрылымдарды ауыстыру қажеттілігі 720 метрді құраған.

- Аталмыш уақыт көлемінде жүргізген ірі жұмыстар қатарына жалпы ұзындығы 6 шақырым Тереңкөл ауылының 7 көшесіне 125,6 миллион теңге қаражатқа асфальт төселді, - дейді аудан әкімі. – Бұл көшелерде топырақ жолдары болған. Сонымен қатар, көше жарығын орнату ауылдың жарық жоқ 7 көшесінде жүргізіліп, 186 тірек орнатылды. Оған бюджеттен 51,4 миллион теңге қаржы бөлінді.

Айгүл Жүсіпова

pavlodarnews.kz

Тэги: Тереңкөл ауданы, жолдар, мектеп интернат