Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде  «Тереңкөл ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» атты баспасөз мәслихатында мәлім болды.

- Аудандағы 30 елді мекеннің 14-і су құбырымен  қамтамасыз етілді, - деді аудан әкімі Ернұр  Әйткенов. - Атап айтқанда, Тереңкөл, Песчаное, Федоровка, Трофимовка, Березовка, Калиновка, Львовка, Байқоныс, Октябрьск, Ивановка, Фрументьевка, Қарасуық, Жаңабет, Воскресенка ауылдары. Су құбыры желілерінің жалпы ұзындығы - 176,7 шақырым,   Ал, тұрғындардың орталық сумен қамтамасыз етілуі 83,9 пайызды құрайды.

 Сонымен қатар, аудан басшысы ағымдағы жылы Береговое ауылында ұзындығы 21,5 шақырым су құбырының құрылысын аяқтау жоспарда екенін атап өтті.  Бұдан кейін су құбыры желілерінің жалпы ұзындығы 198,2 шақырымға артып, халықты орталық сумен қамту 89,5 пайызды құрайтын болады.      

 Аудандық маңызы бар 302 шақырым жолдың 43,4  шақырымы жақсы деңгейде, 218,4 шақырымы қанағаттанарлық және 40,2 шақырым қанағаттанарлықсыз жағдайда.  

 - Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы аудандық маңызы бар жолдардың үлесі 86,6 пайызды құрайды, - дейді Ернұр  Әйткенов. - Биылғы жылы аудан орталығы көшелерінің автокөлік жолдарын орташа жөндеуге аудандық бюджеттен 48,1 миллион теңге сомасында қаражат жұмсалды. Ұзындығы 3,211 шақырым 3 көше асфальтталды.

  Айгүл Жүсіпова

Фото: ашық көздерден

           

pavlodarnews.kz

Тэги: Тереңкөл ауданы, ауыз су, жолдар