-  Бізде 100-ден астам ұлт өкілі тұрады, - деді ол. - Достық үйінде Қазақстан халқы Ассамблеясы барлық ұлт өкілдерін біріктіреді. Бұл жерде  түрлі диаспоралардың мәдениеті мен тарихын зерттеу үшін жағдай жасалған. Еліміздің өркендеп, дамуына барлық этностар   үлес қосты. Поляк этномәдени бірлестігі өте ірі және тарихы бай. Павлодар облысына келгеніңізге өте қуаныштымыз. Алдағы жұмысыңызға тек қана сәттілік тілеймін!

«Полония» этномәдени бірлестігінің төрайымы Марина Ершованың айтуынша, Польша Республикасы Елшігінің бас консулы этномәдени бірлестіктердің жұмысымен танысу мақсатында Қазақстан бойынша іссапармен жүр.

-  Бұған дейін Көкшетау және Петропавл қалаларында болды, - дейді Марина Ершова.  – Елшілік тарапынан белсенді жастар мен балаларды ынталандыру мақсатында қолдау көрсетіліп тұрады. Бір жыл бойы жобаға қатысқан  екі бала Польшада екі апта демалып келді.  Сондай-ақ жаз мезгілінде балалар Бурабайда екі апта тіл лагерінде болды. Егде жастағы адамдар мен аз қамтамасыз етілген отбасыларға, ерекше назарды талап ететін қуғын-сүргінге ұшыраған жандардың ұрпақтарына әдістемелік құралдар және ақшалай материалдық көмек көрсетіліп тұрады. Жыл сайын 2-3 студент Польшаның түрлі қалаларындағы жоғары оқу орындарға түседі. Біздің бірлестікте 100 шақты поляк тіркелген.  

Юстина Дудар бағдарлама аясында диаспоралармен кездеседі, Қ. Даржұманов атындағы ұлттық жаңғыру мектебінің оқушылары мен шығармашылық ұжымдарының қатысуымен өтетін «Подарок на Михайлики»  дәстүрлі  поляк мерекелік шарасына  қатысады.

Ақбота  Сейсенбаева

Фото: автор

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, қоғам, мәдениет