Тарихи тұлғаның өмір дерегіне, шығармаларына шолу жасап, тұңғиық әлеміне бірге саяхат жасау үшін деректі фильм көрсетілді.

Әбіш Кекілбаев театр әлеміне де еңбек сіңірген адамның бірі екені баршаға аян. Оның ішінде ағылшын драматургі Уильям Шекспирдің «Король Лир» пьесасын аударған болатын.

Сондықтан І халықаралық «Әбіш әлемі» театр фестивалінде «Король Лир» моно спектаклімен лауреат атанған Ж. Аймауытов атындағы қазақ музыкалы-драма театрының белді әртісі Бейбіт Шәнім арнайы қонаққа шақырылды. Өнер иесі аталмыш спектакльден үзінді қойып, оқушылар мен ұстаздарды өз өнерімен тәнті етті.

- Оқушыларымыз осы күні қазақ әдебиетінің классигі Әбіш Кекілбаевтың өмірі мен шығармашылығымен сусындап, «Король Лир» моно спектаклін тамашалады, - дейді директордың орынбасары Бибігүл Акшулакова. - Өз кезегімізде Ж. Аймауытов атындағы қазақ музыкалы-драма театрының әртісі, ҚР мәдениет қайраткері Бейбіт Шәнімге моно спектакльмен келгеніне зор ризашылығымызды білдіреміз.

Қазақстанның халық жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның Еңбек Ері (2009) көрнекті мемлекеттік, қоғам қайраткері, ҚР Ұлттық Ғылым Академиясының академигі Әбіш Кекілбаев 2015 жылдың 11 желтоқсанында дүниеден өткен.

 

Фото: НЗМ

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, қоғам, мәдениет