- Бүгін «Хабар» телеарнасында көптен күткен «Ертіс-Баян» бейнебаянының тұсаукесері өтті. «Таңғы хабар» бағдарламасында «МузАрт» тобымен қонақта болдық. Шынымен де бұл ән Павлодар облысының, Ертіс өңірінің гимніне айналды, - деп жазды өз Instagram парақшасында Асхат Оралов.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Бүгін «Хабар» телеарнасында көптен күткен «Ертіс-Баян» бейнебаянының тұсау-кесері өтті. «Таңғы хабар» бағдарламасында «МузАрт» тобымен қонақта болдық. Шынымен де бұл ән – Павлодар облысының, Ертіс өңірінің гимніне айналды. Әннің сөзін жазған Баянауылдың тумасы – Асығат Тұрғанбекке, музыкасын жазған Ұлықпан Жолдасовқа, бұл әнді ерекше толғаныспен орындап, бейнебаянға түскен «МузАрт» тобына алғысымыз шексіз.

Публикация от Askhat Oralov (@askhat_oralov) 5 Дек 2019 в 8:13 PST

Постта облыс әкімінің орынбасары әннің сөзін жазған Баянауылдың тумасы – Асығат Тұрғанбекке, музыкасын жазған Ұлықпан Жолдасовқа және бейнебаянға түскен «МузАрт» тобына алғыс білдірді.

 Естеріңізге сала кетейік, аталған бейнебаян Тұңғыш Президент күні қарсаңында жарыққа шықты.

Клипте облысымыздың шырайлы жері Баянауыл ауданындағы Ақбет, Торайғыр таулары, Сәкен шыңы, Жасыбай көлі, Найзатас, Кемпіртас және тағы басқа да әсем табиғат көзге түседі. Ал, бейнебаянның ортасында Шарбақты ауданында орналасқан «Маралды» көлінің сәулелі көрінісі, кемері мен шетіндегі жар қабақтары көрінеді. Заманауи түрдегі аспанмен ұштасқан Ақсу мен Павлодар қалаларының ортасындағы «Нұрлы жол» көпірі де түсірілген.

 

pavlodarnews.kz

Тэги: өнер, мәдениет, «Хабар» телеарнасы, Асхат Оралов, МузАРТ, «Ертіс-Баян»