Бұл туралы BAQ.KZ тілшісі хабарлайды.

Сонымен, республикамыздың оңтүстігінде, батысында және солтүстігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, кей жерінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Еліміздің калған аумағында, антициклон жотасының ықпалында болғандықтан, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республикамыздың кей жерінде тұман, көктайғақ, желдің күшейюі сақталады.

Ақмола облысының кей жерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі.

Алматы облысында түнде және таңертең тұман күтіледі, Жаланашкөл аумығында жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл, Түркістан облыстарының кей жерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, Жамбыл облысының кей жерінде көктайғақ күтіледі.

Қызылорда, Манғыстау, Атырау, Актөбе, Қарағанды облыстарының кей жерінде көктайғақ күтіледі.

Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс-Қазақстан, Қызылорда, Манғыстау, Атырау, Актөбе, Қарағанды облыстарының кей жерінде тұман күтіледі.

pavlodarnews.kz

Тэги: